«SHANYRAQ» форумды ұйымдастыру

“ROYAL EVENT” компаниясы қазақ тілінде алғашқы ірі бизнес форум «SHANYRAQ»-ты ұйымдастырды.   29 маусым күні Алматыда ауқымды «SHANYRAQ» форумы өтіп, бір алаңға бизнес көшбасшылары, мәдениет қайраткерлері мен қоғам белсенділері жиналды.

Форум бизнес саласындағы идеялар мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды. Мұндай деңгейдегі форумды ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады және кешенді тәсілді талап етеді.

Негізгі кезеңдер:

1. концепция мен жоспар:

• Форумның мақсаты мен тақырыбын анықтау.
• Негізгі спикерлерді таңдап, қонақтарды шақыру.  Форум спикерлері: Гүлбану Майгарина, Дулат Тастекей, Аслан Жұмабаев, Айым Джекенова, Ляззат Смағұлова, Әбілхан Бейсеуов, Әбдінұр Сұлтанғалиев, Шапағат Есжан, Маргарита Боярова, Мейірбек Бердібайұлы.

2. Іс-шараның толық режиссурасы.

3. Форумға лайық мекенді таңдау.
Негізгі талаптар : қатысушылар санына сәйкес келетін және ле форум форматына лайық болуы.
SHANYRAQ FORUM үшін Forum сауда орталығының 5-қабатындағы Event Space алаңы таңдалған болатын, 800 адамға дейін қатысушыларды қабылдай алады.

4. Топтық жұмыс: волонтерлерді үйлестіру, дыбыс және жарық техникалық мамандарының жұмысын ұйымдастыру.

5. Серіктестерді табу: «SHANYRAQ» форумының серіктесі ретінде Битрикс24 компаниясы, ал ақпараттық серіктес ретінде республикалық экономикалық басылым — «Деловой Казахстан» DKNEWS болды.

6. Маркетинг және PR:  Қатысушыларды тарту үшін жарнамалық науқан әзірлеу: инстаграм @shanyraq.forum үшін контент құру және оны ілгерілету, блогерлерге арналған креативті шақыру әзірлеу.

7. Логистика және ұйымдастыру:

а) Форумның кестесін үйлестіру, бағдарламалар мен сессиялардың уақытын құру.
b) VIP қатысушылар мен спикерлерге бизнес-ланч ұйымдастыру.

8. Техникалық қолдау: презентациялық жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

9. Құжаттама және есеп беру: қорытынды есептерді дайындау.

10. Қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, форумның жалпы бағасы 10-ның 9,2 баллымен бағаланды.

Қатысушылар ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын ерекше атап өтіп, іс-шараның әр кезеңінің мұқият ойластырылғанын және кәсіби түрде өткізілгенін жоғары бағалады.